Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Ядролық медицинаны дамыту, оның ішінде радиофармацевтикалық препараттарды өндіру, диагностика және емдеу мәселелері денсаулық сақтау саласының өзекті бағыты. Қазіргі уақытта елде мамандандырылған ұйымдар желісі қалыптасты.
Радиофармацевтикалық препараттарөндіретін 5 өндірістік алаң, 24 аппараты бар 12 ядролық медицина орталығы, 23 активті палата жұмыс істейді. Онкологиялық көмектің маңыздылығын ескере отырып, диагностикалық қуаттылықты арттыру шаралары қабылдануда. Инфрақұрылым кеңейген сайын диагностикалық зерттеулер (ПЭТ/КТ) көлемі 2026 жылы 68 мыңға дейін (18,8 млрд теңге), 2027 жылы 73 мыңға дейін (20,1 млрд теңге), 2028 жылы 134 мың зерттеуге дейін (37 млрд теңге) ұлғайтылатын болады, — деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының мәліметінше, жаңа радиофармацевтикалық препараттар қолданылатын диагностикалық зерттеулердің тарифтерін бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Ядролық медицина қызметін жетілдіру мақсатында Ядролық медицинаны дамыту жөніндегі 2026-2031 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Оның аясында инфрақұрылымды дамыту, радиофармацевтикалық препараттарөндіру мен оны кеңейту, заманауи диагностикалық технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті нығайтуға дейінгі қызмет көрсетудің бүкіл циклін қамтитын ядролық медицинаның орнықты ұлттық жүйесін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңімен іске асырылатын шаралар көзделген, — деді Премьер-министр.
Бұған дейін томотерапия тарифінің мөлшері қайта қаралатынын жазған едік.