Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды

05.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Петропавл қаласына жақын маңдағы орман алқабынан 20 күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жас жігіт 14 қаңтар күні жұмыстан кейін таксимен туберкулез диспансеріне дейін барғаннан соң байланысқа шықпаған. Сол күндері өңірде ауа температурасы −30 градусқа дейін төмендеген.

Марқұмның мәйіті аталған медициналық мекеменің арт жағындағы орманнан анықталған. Қазіргі таңда оның не себепті орманға барғаны тергеу барысында нақтылануда.

Жігіттің жоғалғаны жөнінде полицияға туыстары тек 1 ақпан күні арыз берген. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери бөлім өкілдері, Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы және еріктілер жұмылдырылған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қылмыстық полиция басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью