Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: istockphoto.com
Полицияның мәліметінше, тексеру қала орталығындағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан қоймада жүргізілген. Нәтижесінде тәртіп сақшылары акциздік таңбасы жоқ 15 мыңға жуық қорап темекіні анықтаған.
Сондай-ақ қоймадан көлемі 180 литрді құрайтын спирт иісі бар сұйықтық табылған.
«Анықталған барлық өнім тәркіленді. Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолданды», делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені немесе алкогольдік өнім тұтынғаны үшін 7018 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп заңсыз сатылған 1100-ден астам алкоголь өнімі тәркіленгенін хабарлаған болатын.