Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қайғылы жағдай 11 тамызда Петропавлдағы Крепостная көшесінде болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 55 жастағы ер адам жетінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаны Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады.
Қазір полиция жағдайдың мән-жайын анықтап, тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге белгісіз.