Петропавлда әйел танысын пультпен ұрып өлтірді

26.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Петропавлда ер адам кісі қолынан көз жұмды, күдікті – таныс әйелі, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Марқұмның жасы 52-де. Оқиға 7 ақпанда қаладағы жеке үйлердің бірінде болған.

"Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталды. Полиция өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - дейді полиция.

Әйел танысын пультпен ұрып өлтірген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью