Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: istockphoto.com
Қарым Сүтішев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында Барсик атты ит болған. Тұрғындар оған арнайы күрке орнатып, тұрақты түрде күтім жасаған.
Полицияның мәліметінше, шамамен бір ай бұрын мас күйдегі өтіп бара жатқан ер адам асүй пышағымен итке бірнеше рет соққы жасаған. Салған жарақаттардың салдарынан жануар сол жерде өлген.
Күдікті ізін суытпай анықталды. Ол 47 жастағы Петропавл тұрғыны екені белгілі болды. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Жануарға қатыгездік жасап, оның өліміне әкеп соқтырғаны туралы қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Күдіктіге 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (865 мың теңге) айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.