Петропавлда бір аптада 330 адам жарақат алды, арасында үсік шалғандар да бар

27.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық көмек ауруханасының мәліметінше, дәрігер көмегіне жүгінгендердің 164-і тұрмыстық, қалғандары көшеде жарақат алған. Олардың 30-ы бірден стационарға қабылданды.

Соның ішінде 95 жағдайда адамдар негізінен қол-аяғын сындырған. 112 адам ауыр соққы алып, зақымданулермен келген. Сіңірін созған 58 тұрғынға және күйік алған 5 адамға тиісті көмек көрсетілді.

Аязға байланысты үсік алу жағдайлары азаймай отыр. 19-26 қаңтар аралығында 9 адам дене мүшелерін үсітіп алған. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды.

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың үсік алуына көп жағдайда спирттік ішімдік ішуі себеп.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны отыз градус аязда үсіп қала жаздады. Оны Мамлют аудандық полиция бөлімінің кезекшісі бейнебақылау камералары арқылы Мамлютканың Жұмысшы кенті маңынан байқап қалған. Ол бұл туралы учаскелік полиция инспекторының көмекшісіне хабарлап, нәтижесінде ер адамды қар құрсауынан полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері аман-есен алып шықты.

39 жастағы ер адам спирттік ішімдікті шамадан тыс тұтынуға бейім, ол қазір медициналық мекемеде ем алып жатыр, жағдайы тұрақты.

Бұған дейін Петропавлда үйден шығып кеткен зейнеткер әйел аязда үсік шалып, мерт болғанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью