Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғындарымен есептік кездесуде айтты. Мәселен биыл Петропавлда 31 көшеге орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ Фрунзе көшесін қайта жаңғырту жоспарланған. Нәтижесінде «Береке» шағын ауданындағы көлік жүктемесі азайып, бұл оны қаланың орталық бөлігімен байланыстырады. Ал Кизатов көшесін реконструкциялау Бірлік-1 және Бірлік-2 жаңа шағынаудандарын дамытуға серпін береді.
Фото: СҚО әкімдігі— Жалпы биыл абаттандыру жұмыстары 20 кварталды қамтиды. Маңызды инфрақұрылымдық жобалар да іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, ТМ-2 және ТМ-15 жылу магистральдарының құрылысы басталды. Бұл тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтуды жақсартады. Қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша цифрлық мониторинг енгізілді. Қазіргі таңда 47 бейнебақылау камерасы орнатылған, биыл қосымша тағы 400 камера орнату жоспарланған, — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ 215 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға міндеті тұр. Бұдан бөлек 280 орындық балабақша құрылысы басталды, Пестрое көлі маңында триатлон аймағы бар экопарк жобасы жүзеге аспақ.
Фото: СҚО әкімдігіТың жобалардың бірі — М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті негізінде К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық мәдениет және өнер институтының өкілдігін ашу жоспарланған. Нәтижесінде бес мамандық бойынша биыл 100 студентті қабылдау көзделген.
Спорт саласын дамытып, қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында инклюзивті спорт нысанын салу, мұз аренасы мен әмбебап спорт кешенін іске қосу, сондай-ақ футбол академиясы бар жабық стадион құрылысы жоспарланған.
Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы аяқталмаған 10 жобаны қайта қолға алып, қолданысқа беруді жоспарлап отырғанын жазған едік.