Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Петропавлда каникул кезінде 16 жастағы мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды. Енді дәрігерлер оның мектебіндегі барлық оқушы мен қызметкерді тексереді, деп хабарлайды Tengri Education.
Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Данияр Оспановтың айтуынша, оқушының сырқаты жоспарлы флюорографиялық тексеру кезінде белгілі болған.
"Індетке қарсы іс-шаралар басталды. Ошақта қорытынды дезинфекция жүргізіліп, қарым-қатынаста болған адамдармен жұмыс ұйымдастырылды. Қаланың медициналық ұйымдарына санитарлық-індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын, соның ішінде байланыста болғандарды тексеру туралы қаулы жіберілді. Сондай-ақ эпидемиологиялық зерттеу басталды", - деді Оспанов.
Ол қарым-қатынаста болғандар қатарына мектеп мұғалімдері, қызметкерлері мен техникалық персонал, 2-11 сынып аралығындағы барлық оқушы, сондай-ақ жасөспірімнің отбасы мүшелері мен туыстары кіретінін атап өтті.
Тексеруден өтуі тиіс адамдардың нақты санын медициналық ұйымдар анықтап жатыр. Бірақ бұл 1,5 мыңға жуық адам екені анық.
Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Данияр Оспанов / Фото © Tengrinews.kz
Жасөспіріммен байланыста болған емхана қызметкерлері де туберкулезге тексеріледі. Оқушының өзі ауруханаға жатқызылып, облыстық фтизиопульмонология орталығында арнайы ем алып жатыр.
Басқарма басшысы Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезбен сырқаттану деңгейі жалпы алғанда тұрақты екенін атап өтті.
"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аурудың 68 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20 пайыз аз, ол кезде 85 жағдай анықталған болатын. 18 жасқа дейінгі балалар арасында алты айда туберкулездің үш жағдайы тіркелді, бұл былтырғы көрсеткішпен бірдей. Бұл ретте биылғы үш жағдай Петропавлда тіркеліп, бактерия бөлінусіз өткен".
Бұған дейін былтыр мамырда Солтүстік Қазақстан облысында алтыншы сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталғаны хабарланған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу