Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің мәліметінше, ауқымды жоба Петропавл маңындағы Пестрое көлінің жанында жүзеге асады. Демалыс аймағы 2028 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Нәтижесінде жыл бойы демалуға, мәдени іс-шаралар өткізуге арналған заманауи бақ пайда болады.
Фото: СҚО әкімдігі Фото: СҚО әкімдігі– «Qyzyljar» эко-паркін іске қосу аясында аумақты абаттандыру, жарықтандыру жүйесін орнату, шағын сәулеттік нысандарды орналастыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен бірге Тепличное ауылы арқылы паркке апаратын кірме жолды кеңейту және 520 орындық автотұрақ салу жобасы әзірленіп жатыр, - деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі Петропавлдағы басты көшелердің бірі – Қазақстан Конституциясы көшесімен байланысты. Биыл мұнда жаңғыртудың екінші кезеңі басталды. Жөндеу жұмыстары Парк көшесінен Н.Назарбаев көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.
Жоба аясында тас төсемі толық ауыстырылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылады. Сонымен қатар көшенің сәулеттік келбеті кешенді түрде жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері ретке келтіріледі. Бұдан бөлек субұрқақтарды жөндеу және абаттандыру элементтерін орнату жоспарланған.
Фото: СҚО әкімдігіБұған дейін Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталғанын жазған едік.