Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бұл шағын аудандарда еріген қар суы тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін. Қазіргі уақытта тиісті қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Фото: СҚО әкімдігіФото: СҚО әкімдігі– Қыстан бері қар шығару, кәріз жүйелері мен арықтарды тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін облыс орталығынан шамамен 900 мың текше метр қар шығарылды. Қазіргі уақытта жұмысқа 200-ге жуық арнайы техника, 100-ден астам мотопомпа, 30 ассенизаторлық техника және 350-ден астам адам, оның ішінде еріктілер, әскери қызметшілер мен коммуналдық қызмет мамандары жұмылдырылған, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Жұмысшы кенті мен Бірлік шағын ауданындағы су тасқынына қарсы құрылған штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Барлық қызметтер қауіпті учаскелерде еріген қар суының жеке тұрғын үйлер аумағына кіріп, су басу қаупін азайтуға бағытталған шараларды атқарады. Негізгі мақсат – көктемгі су тасқыны кезінде жеке тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да күннің жылынуына байланысты тасқын қаупі бар өзен-көлдерге, аумақтарға аэровизуалды мониторинг жүргізілгенін жазған едік.