Петропавлда Есіл өзені тасып жатыр

17.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«Қазгидромет» кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, Петропавлға су әлі де келеді. Қазір Есіл өзеніндегі бірінші толқынның шыңы Новоникольское ауылының маңында өтіп жатыр. Облыс орталығына ол 19-20 сәуір күндері келеді деп болжанған.

– 17 сәуір сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Петропавлда Есіл өзенінің су деңгейі 941 см жетті. Бұл – қауіпті меже. Қазіргі уақытта Петропавл айналма жолының 27 шақырымында асфальтқа су жайылды, - дейді филиал директорының орынбасары Наталия Левина.

Сергеев су қоймасында 7 сәуірде су тасқынының бірінші толқыны шарықтау шегіне жетіп, 922 см болып тіркелді. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 70 см-ге төмен, былтыр ең жоғары деңгей 1 062 см болған. Ал бөгет қырынан асу деңгейі 122 см-ді құрады.

17 сәуір сағат 12:00-де су қоймасының деңгей 864 см болды, бөгет қырынан асу – 64 см. Су тасқынының бірінші толқынынан бері су деңгейі 58 см-ге төмендеді.

Бүгінгі таңда Ғ. Мүсірепов және Шал ақын аудандарында орналасқан гидрологиялық бекеттерде Ақмола облысындағы Жабай, Қалқұтан, Терісаққан өзендерінен келе жатқан екінші толқынға байланысты су деңгейі қайта көтеріліп жатыр. Сәуірдің үшінші онкүндігінің басында Сергеев су қоймасында толқынның екінші шыңы өтеді деп болжанған. Петропавл қаласына екінші толқын 1 мамырға қарай жетпек. 

Бұған дейін Петропавлда су басуы мүмкін саяжай аумақтарында кезекшілік ұйымдастырылғанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью