Петропавлда мектептердің біріне оқушы тапанша алып келген

10.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 5 ақпан күні Петропавлдағы мектептердің бірінде болған. 

Мектептің әкімшілігіне ата-аналардан жоғары сынып оқушыларының бірінде сыртқы пішіні тапаншаға ұқсас зат болуы мүмкін деген ақпарат түседі. Білім беру ұйымының басшылығы жедел әрекет етіп, оқушы арнайы күзет қызметінің қатысуымен мектеп әкімшілігіне шақырылды. Сонымен қатар, баланың заңды өкілдері мен ювеналдық полиция инспекторы дереу хабардар етілді.

— Тексеру барысында құқық қорғау органдары қаруға ұқсас затты тәркіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген басқарма жауабында.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәркіленген зат пневматикалық тапанша болып шыққан және ол атыс қаруы санатына жатпайды. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

— Тексеру нәтижесі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оның заңды өкілі бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауап берді. Сонымен қатар, білім беру органдарының атына осы жағдайға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізілді. Тексеру аяқталғаннан кейін білім беру ұйымының лауазымды тұлғалары мен оқу орнының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне де құқықтық баға берілетін болады, — дейді полиция өкілдері.

Бұған дейін Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью