Петропавлда өртті сөндіруге пойыз тартылды

12.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Петропавлдағы өртті сөндіруге арнайы пойыз жұмылдырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тұрмыстық қалдықтар полигонынына жақын жерде құрғақ өсімдіктер жанған.

Өртті сөндіру жұмыстарын екпіні 25 м/сек болатын қатты жел, батпақты жер, сондай-ақ биіктігі екі метрге дейін жететін қалың құрғақ шөп пен қамыс қиындатқан. Ал тілсіз жау шамамен 12 гектар аумақты шарпыды.

"Өрт сөндіру жұмыстарына қосымша құрамында 150 тонна су қоры бар өрт сөндіру пойызы тартылды", - дейді құтқарушылар.

Сондай-ақ тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына 110 қызметкер мен 31 техника жұмылдырылды.

Жедел әрекеттің нәтижесінде өрт оқшауланып, тұрғын үй массиві мен саяжай учаскелеріне таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью