Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 20 қазан - Sputnik. Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтықтан уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға демалыс күндері болған.
"Қалалық көпбейінді ауруханаға 75, 52, 48 жастағы үш адам уланып түсті. Олар белгісіз бір сұйықтықты ішіп уланған. Мұндай жағдай биыл бірінші рет болды", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы.
Айтуларынша, 75 жастағы ер адамның жағдайы өте ауыр. 52 және 48 жастағы тұрғындар қаза болған. Біреуі ауруханаға түскен күні, екінші науқас келесі күні көз жұмды, дейді басқарма.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Қоқыс контейнерінен табылған сұйықтығы бар бөтелке тәркіленді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.
Полиция олар қоқыстан табылған сұйықтықты ішкен деп болжап отыр.