Петропавлда заңсыз саудаланған ондаған жәшік алкоголь бульдозермен жойылды

30.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыс орталығында полицейлер антиалкогольдік заңнаманы бұзғаны үшін 25 сауда нысанының иесін жауапкершілікке тартты. Айналымнан 1,2 мың литрге жуық құрамында спирті бар өнім тәркіленді. Соның жартысы — сыра, арақ-шарап полигонға шығарылып, жойылды.

— Заңсыз саудаға шығарылған қалған өнім де барлық қажетті рәсім аяқталғаннан кейін осы полигонға жеткізіледі. Бүгін суррогат өнімдер, сондай-ақ түнгі уақытта немесе 21 жасқа толмаған азаматтарға сатылған ішімдіктер бульдозер табанының астына түсті, — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бөлімше бастығы Қанат Жұмабаев.

Былтыр СҚО-да кісі өлтірудің 20 дерегі тіркелсе, соның 90% астамы мас күйде жасалған, олардың едәуір бөлігі отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында болған.

Полицейлер маскүнемдікке салынудың алдын алу үшін кешенді шараларды қолға алеған. Оның ішінде қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактілерінің жолын кесу, маскүнемдерді мәжбүрлеп емдеуге жіберу, сондай-ақ контрафактілік өнімдермен күрес бар.

Бұған дейін СҚО-да әр үшінші құқықбұзушылық мас күйде жасалатындығын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью