Петропавлда жаңажылдық шыршаларды жинау акциясы өтті | Qazaq24.com
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Мерекенің сәні болған жасыл желек енді орман жануарларына азық болады.
Шараға белсене атсалысқан тұрғындар, шыршаларын арнайы жинау орындарына шығарды.
Коммуналдық қызмет, қылқан жапырақты ағаштарды жинап, орманшыларға береді. Тұрғындар мерекенің сәні болған шыршаларын жаппай тапсырып жатыр.
Арнайы орындарға жиналған ағаштарды коммуналдық сала қызметі көлікке тиеп әкетеді.
Валентина Сусликова, қала тұрғыны: - Жануарларға қамқорлық жасап жатқандарыңыз өте орынды.
Қоқыста жатқанша шыршаларды азық ретінде немесе төсеніш ретінде пайдаланудың пайдасы зор.
Акцияға тұрғындар белсенді атсалысады деп ойлаймын. Шыршалардың қаланың әр жерінен жинауға төрт жүк көлігі қажет болды.
Читать полностью
Читать новость