Петропавлдан шығар жолға 32 жүргізуші ауыр жүк көліктерін тастап кеткен

19.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 16 шілдеден бастап республикалық маңызы бар автожолдың осы бөлігінде жұмыс істеген. Жүк көліктері жол жиегінде тұрып, көлік қозғалысына ішінара кедергі келтірген.

Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен барлық жүргізушілер анықталып, кейін олар көліктерін заң талаптарына сәйкес салмақ өлшеу орнына жеткізген. Өлшеу нәтижелері бойынша уәкілетті органдар анықталған заңбұзушылықтарға құқықтық баға берген.

Бала амандығы: шаһардағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысы қашан жүйеленеді?

Полицияның хабарлауынша, 19 шілде күні сағат 14:30-дағы жағдай бойынша барлық 32 жүк көлігі салмақ бақылау пунктінен өтіп, кейін өз бағыттары бойынша жолын жалғастырған.

Көліктік бақылау инспекциясы рұқсат етілген салмақтан асқаны үшін әкімшілік материалдар рәсімдесе, әкімшілік полиция қызметкерлері жол жабынын бүлдіргені үшін хаттама толтырған.

1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін

Бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіповтің ерекше бақылауында болды. Ол ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен жеке кездесіп, заң талаптарын сақтау және автомобиль жолдарын бүлдірмеу қажеттігін түсіндірді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью