Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әлеуметтік желі қолданушылары "қорқынышты түстей" оқиға деп сипаттаған пойыздағы тосын жағдай сотта жалғасын тапты. Санитарлық жүйенің істен шығуы салдарынан Астана - Петропавл пойызында зардап шеккен жолаушыға өтемақы төленеді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Әлеуметтік желі қолданушылары "қорқынышты түстей" оқиға деп сипаттаған пойыздағы тосын жағдай сотта жалғасын тапты. Санитарлық жүйенің істен шығуы салдарынан Астана - Петропавл пойызында зардап шеккен жолаушыға өтемақы төленеді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Сот шешіміОқиға наурызда Астана ("Нұрлы жол") - Петропавл бағытындағы пойыз жолда келе жатқан кезде болған. Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, келеңсіз жағдайға вагонның санитарлық торабының техникалық ақауы себеп болған.
"Сотта азаматша М.-ның АҚ-ға қатысты көрсетілген қызметтің сапасыз болғанын тану, моральдық зиянды және билет құнын өндіру туралы талап қоюы қаралды. Сотпен анықталғаны, 7 наурызда "Астана (Нұрлы жол) – Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызы жолда келе жатқан кезде вагонның санитарлық торабының техникалық ақауына байланысты дәретхана жүйесіндегі қалдықтардың апатты түрде сыртқа шығуы болды. Соның салдарынан лас қалдықтар талап қоюшыға шашырап, оған физикалық қолайсыздық, жан күйзелісі мен моральдық қорлану келтірген, сондай-ақ киімі мен жеке заттарының бүлінуіне әкеп соққан", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ сот жолаушының уәждері көлік инспекциясының материалдарымен, фотоайғақтармен және әкімшілік хаттамамен расталғанын атап өтті.
"Сот ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығын бағалай отырып, сапасыз қызмет көрсету фактісі дәлелденді деген қорытындыға келді. Шешім шығару кезінде сот "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң ережелерін және Азаматтық кодекстің 951-бабын басшылыққа алды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, тасымалдаушыдан моральдық зиян өтемі ретінде 3 миллион теңге өндіру туралы қаулы шығарды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Фотоны материал кейіпкері ұсынды
Оқиғаның мән-жайыЕске сала кетейік, қоғамда резонанс тудырған бұл оқиға 2026 жылы 7 наурызда Астана ("Нұрлы жол") – Петропавл бағытындағы № 323 пойыздың плацкарт вагонында болған еді. Әлеуметтік желілерде іші ластанған дәретхана суреттері пайда болды: жүйедегі техникалық ақау кесірінен дәретханадағы қалдықтар қысыммен сыртқа атқылап, қабырғаға, төбеге және ішіне кірген жолаушыға шашыраған.
Зардап шеккен жолаушының айтуынша, оқиғадан кейін оған жуынуға мүмкіндік берілмеген, сондықтан ол тағы екі сағаттай сондай күйде жүруге мәжбүр болған.
Вагонның санитарлық жағдайын тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін пойыз бастығы жұмыстан шығарылды, ал учаске бастығына қатаң сөгіс жарияланды.
Желіде ақпарат тарағаннан кейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 18 наурыз бен 3 сәуір аралығында тасымалдаушыға жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде тасымалдаушыға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу бабы бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.
Тағы оқыңыз: Шымкентке шыққан пойыздағы жанжал сотпен аяқталды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу