Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Оның айтуынша, мұндай жағдай тоқтатылмаса, салдары көптеген елдерге әсер етуі ықтимал.
Америкалық X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде Пезешкиан «Израиль режимінің табиғаты мемлекеттік терроризмге негізделгенін» айтты. Ол АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері мен Әли Хаменейге жасалған қастандық әрекеттері халықаралық қақтығыстардағы құқықтық нормаларды әлсірететін жаңа кезеңнің бастамасы екенін атап өтті.
- Егер әлем бұл дағдарысқа батыл түрде қарсы тұрмаса, оның оты көпшілікті шарпиды, — деді Иран президенті.
АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдары
Израиль мен АҚШ 28 ақпанда Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздер жалғасып жатқан кезде Иранға әскери соққы жасады.
Өз кезегінде Иран жауап ретінде аймақтағы бірқатар нысанаға соққы берді. Олардың қатарында Израиль, сондай-ақ америкалық әскери базалар орналасқан Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн бар.
Шабуылдар салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменей және бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қаза тапқаны хабарланды.
Осыған дейін Иран Израиль мен АҚШ нысандарына соққы жасалғанын мәлімдеген болатын.