Пхукетте бірнеше жол апатына себеп болған отандасымыз кепілдікпен босатылды

25.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан дипломаттары жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста болып, істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. СІМ өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан азаматы кепілдікпен босатылған. Сот отырысынан кейін қосымша ақпарат жарияланады.

Бұған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары әйелдің полициядан қашуға әрекет жасап, Пхукет көшелерінде бірнеше жол апатына себеп болғанын хабарлаған болатын. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен.

Кейін әйелді Таиландтың құқық қорғау органдары ұстап, оған қатысты тергеу басталды.

Еске салайық, өткен жылы Пхукеттегі жол апатынан Қазақстан азаматы қаза тапты.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 80 адам шетелде анықталып, оның 47-сі ұсталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью