Пхукетте Қазақстан консулдығы ашылды

22.01.2026

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Таиландтағы Пхукет аралында Қазақстан консулдығы ашылды. Жалпы бұл аралда бұған дейін екі елдің өкілдігі ғана болды. 

Енді үшінші ресми өкілдікті Қазақстан ашты. Жаңа мекеменің консулдық округі Таиландтың оңтүстігіндегі 14 провинцияны қамтиды. Салтанатты рәсімге Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасары, Пхукет провинциясының губенаторы Таиланд оңтүстік провинцияларының басшылығы, Пхукеттегі мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық корпус, қазақ диаспорасы, іскер топтар, туристік қауымдастықтар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Жалпы Пхукет, Оңтүстік Шығыс Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі әрі халықаралық туризмнің ең танымал бағытына жатады. Таиландқа жыл сайын шамамен 35 миллион шетелдік саяхаттайды, олардың 12 миллионға жуығы Пхукет аралына табан тірейді.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі:

- Пхукет Қазақстан азаматтары үшін маңызды бағыттардың біріне айналды. Консулдықтың ашылуы отандастарымызға жақын болуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жедел қолдау көрсетуге, сондай-ақ Таиландтың оңтүстік өңірлерімен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Былтыр Қазақстаннан Таиландқа шамамен 200 мың азаматымыз келді. Апта сайын екі ел арасында 34 рейс қатынайды. Олардың 21-і осы Пхукетке келеді.

Виджават Исарабхакди, Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Қазақстан Таиланд үшін Орталық Азиядағы маңызды әріптес. Пхукетте Консулдықтың ашылуы туризм, сауда, инвестициялар және гуманитарлық алмасулар салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Оның үстіне біз келесі жылы елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 35 жылдығын атап өтпекпіз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью