Пиренейлік қос команда келесі кезеңде

04.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Дуалы ауыз мамандардан бастап, қатардағы қарапайым көрерменге дейін бұл бәсекеде Испанияның жеңіске жететініне еш күмән келтірген жоқ. Себебі олар қарсыластарына қарағанда әлдеқайда азулы. Пиреней түбе­гінен келген команданың әлем чемпионы (2010), Еуропаның төрт дүркін чемпионы (1964, 2008, 2012, 2024), Олимпия ойындарының екі дүркін жеңімпазы (1992, 2024) деген атағы бар. Аустрия болса, Олимпиадада күміс, әлемдік додада қола алды. Бірақ бұл табыстарға сонау 1936, 1954 жылдары қол жеткізді. Одан кейін аустриялықтар ауыз толтырып айтарлықтай табысқа ие бола қойған емес.

Сөйтіп, ойынды Испания құрамасы толықтай өз бақы­лауында ұстады. Жиі шабуылдап, бірнеше рет қарсылас қақпасына қауіп төндірді. Әсіресе Ламин Ямаль ерекше белсеңділік танытты. Бірақ оған гол соғу бақыты бұйырмады. 29-минутта Марк Кукурелья салған доп есепке алынбады. 38-минутта Курурелья берген әдемі пас­ты Микель Оярсабаль голға айналдырды. Үзіліс кезінде Ральф Рангник екі ойыншыны алмастырды. Алайда одан Аустрияның ойы­ны оңалмады. Испандықтар қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 66-минутта Педро Порро екін­ші голды соқты. 89-минутта Микель Оярсабаль кездесудің соңғы нүктесін қойды – 3:0. Ал нәтижелі пасты тағы да сол жалбыршашты Кукурелья берді.

Торонтодағы Португалия мен Хорватия арасындағы матч өте тартысты өтті. Бірінші таймда қос команда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. 53-минутта есепті Иван Першич есеп ашты. Содан соң Португалияның бас бапкері Роберто Мартинес төрт ойын­шыны бірден алаңға шығарып, үлкен тәуекелге барды. Арада 15 минут өткеннен соң, Криштиану Роналду 11 метрлік айып добын сәтті орындап есепті теңестірді. 90+4-минутта Гонсалу Рамуш пиренейліктерді алға шығарды – 2:1. Төреші қосқан уақыттың 13-минутында Йошко Гвардиола мергендік танытты. Бірақ VAR-ды қараған төреші «хорватиялық қорғаушы ойыннан тыс қалды» деген шешімге келді. Сөйтіп, 1/8 финалда Португалия өздерінің көршілері – Испаниямен күш сынасады.

Таң ата жанкүйерлер назары Канаданың Ванкувер қаласына ауды. Бұл жердегі «Би-Си Плейс» стадионында Швейцария мен Алжир ше­берлік байқасты. 11-минутта Брель Эмболо есеп ашса, 46-минутта Дам Ндойе нысананы дәл көз­деді – 2:0. Топтық турнирде тәп-тәуір ойнаған алжирліктер плей-оффта дәрменсіздік танытты. Швейцариялықтар енді Колум­бия мен Гана арасындағы матч­тың жеңімпазымен кездеседі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью