Пиротехниканы елді мекендерде қолданған 200 ден астам адам жауапқа тартылды

18.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері пиротехникаға қатысты заңды бұзған 251 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта көпқабатты үйлердің тұрғындары туған күн және өзге де мерекелерді тікелей аулада отшашу ұйымдастыру арқылы атап өтетін жағдайлар жиілеп отыр, дейді полиция.

"Еске саламыз: елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Заңнамада мерекелік күндерге, соның ішінде Жаңа жыл түніне қатысты ешқандай ерекшелік қарастырылмаған", - дейді тәртіп сақшылары.

Жыл басынан бері пиротехниканы қолдану және оның айналымына қатысты талаптарды бұзған 251 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 237 адам пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолданғаны үшін, тағы 14 адам оларды сақтау, пайдалану, тасымалдау және сату тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Полицейлердің айтуынша, мұндай құқық бұзушылық әсіресе Алматы мен Астанада көп тіркеліп жатыр. Жыл басынан бері 79 мыңнан астам тыныштықты бұзу фактісі анықталды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью