Плей офф кезеңінің алғашқы жұбы белгілі

26.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мексиканың Ме­хико қала­сындағы «Ацтека» стадионында Чехия құрамасы («А» тобы) алаң қожайындарынан күйрей жеңілді. Бірінші таймда чех футболшылары қорғанысты бекемдей алғанымен, екінші таймда еш қауқар таныта алмады. 55-минутта Матео Чавес есеп ашса, 61-минутта Хулиан Киньонес екінші голды соқты. Алаңға 72-минутта шыққан жартылай қорғаушы Алваро Фидальго 90+4-минутта еншісіне гол жазып, Мексика құрамасы топтық кезеңдегі барлық матчын­да жеңіске жетті. Осы топтан Оңтүстік Африка Республикасы құрамасының плей-офф кезеңіне өтетінін көпшілік күте қоймаған еді. Олар 1-турда Мексика құ­рамасына есе жіберді (2:0), екінші ойында Чехия футболшыларымен тең түсті (1:1). Ал 3-турда Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, топтан шықты. Мексиканың Гуадалупе қаласындағы «ББВА» стадионында өткен тартыста жеңіс голын 63-минутта Тхапело Масика соғып, ОАР құрамасы тұңғыш рет мундиальдің топтық кезеңінен асып, плей-оффта ойнау мәртебесіне ие болды.

«В» тобында Швейцария футболшылары Канада құра­масын 2:1 есебімен ұтты. Ванкувердегі «Би-СИ Плэйс» стадионындағы тартыста алғашқы гол 46-минутта соғылды. Швейцариялық шабуылшы Рубен Варгас еншісіне гол жазса, Йохан Манзамби 57-минутта нәтижені еселей түсті. Канада құрамасының шабуылшысы Промис Дэвид 76-минутта есеп айырмасын қысқартты. Екі ұжым да плей-офф кезеңіне өтті. Осы топта 3-сатыға орныққан Босния және Герцеговина құрамасы 3-турда Қатар футболшыларын 3:1 есебімен еркін жеңді. Босниялық команда сапынан Керим-Сэм Алайбегович 29-минутта гол соқса, 34-минутта босниялық шабуылшы Эдин Джеконың тепкен добы Қатар құрамасының қақпашысы Махмуд Абун­даның қолын жанай қақпаға еніп,   автогол тіркелді. 42-минутта қатарлық шабуылшы Хасан Әл Хайдос есеп айырмасын қысқартқанымен, босниялықтар басымдықты уысынан шығармады. 80-минутта Эрмин Махмич үшінші голды соқты. Босния және Герцеговина құрамасы топтық кезеңде 4 ұпай жинап, үшінші сатыға орнықты. Олардың плей-офф кезеңіне өтуге әлі де мүмкіндігі бар.

Әлем чемпионы атанудан үмітті Бразилия құрамасы («С» тобы) топтағы үшінші матчында ірі есеппен жеңіске жетті. Майамидегі (АҚШ) «Хард Рок» стадионында өткен матчта Шотландия қақпасына бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор 7, 45+3-минуттарда екі гол соқса, отандасы Матеус Кунья 60-минутта үшінші голды еншісіне жазды.

Бұл топтағы 3-турдың  соңғы ойыны АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц Стэдиумда» өтті. Марокко құрамасы Гаити ойыншыларын 4:2 есебімен еңсерді. 10-минутта Марокко құрамасының қақпашысы Яссин Буну өз қақпасына гол өткізіп алды. 39-минутта Ашраф Хакими таразы басын теңестірді. Вильсон Изидордың 43-минутта соққан голынан кейін гаитиліктер тағы да ұзап шыққан. Бірақ Исмаил Сайбари 45+1-минутта Марокко құрамасының екінші голын соқты. Суфьян Рахими 78-минутта, Жессим Яссин 89-минутта еншісіне гол жазып, Марокко құрамасы жеңіске жетті.

Чемпионаттың плей-офф кезеңіне шыққан командалар белгілі бола бастады. Алғашқы плей-офф жұбы да анық­талды. А тобының екін­ші командасы Оңтүстік Африка Республикасы «В» квартетінің екінші құрамасы, алаң иелерінің бірі – Канада ұлттық құрамасымен ойнайды. Матч 28 маусымда өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью