Поэзия мен әуен тоғысқан кеш

26.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Осы игі үрдістің жар­қын көрінісі ретінде Орталық аудандық кітапханада «SoundBook: Әуен мен сөз үндес­тігі» интерактивті мәдени жобасы аясында «BookBeats» поэзиялық подкасты өтті. Поэзия мен әуенді ұштастырған рухани кеш оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады.

Кештің құрметті қонағы – ақын, журналист, мәдениет саласының жанашыры, «Ба­лауса» және «Гүл-сезім» жыр жинақтарының авторы Дариға Нұрашева болды. Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған қаламгермен өткен кездесу еркін әрі маз­мұнды форматта өрбіді.

Айтулы іс-шарада Дариға Кеңесбайқызы шығармашылық жолы, поэзияның құдіреті, шабыттың табиғаты, өнердің тылсым сырлары жайында тағылымды ойларын бөлісті. Ақын өзінің сыршыл жырларынан үзінділер оқып, қатысушыларды сөз өне­рінің терең әлеміне жете­леді. Кездесуге жиналған оқыр­мандар көңіл түкпіріндегі са­уалдарын қойып, ақынмен ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Поэзия мен әуен үндес­тігін дәріптеген кештің мазмұнды өтуіне Қарағанды ауылдық кітапханасының кітапханашысы, осы жолдардың авторы жетекшілік етсе, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Бағдагүл Шалтанова белсенді үлес қосты.

«BookBeats» поэзиялық подкасты әдебиет пен өнерді тоғыстырған тағылымды алаңға айналып, қатысушылардың рухани дүниесін байытуға ықпал етті. Мұндай кездесулер оқырманның кітапқа, поэзияға,  ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, әдеби орта мен оқырман арасындағы байланысты нығайта түсетіні анық.

Гүлжаухар ҚҰТЖАНҚЫЗЫ,

Қарағанды ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью