Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанда пойызбен жүру неге ұшақпен ұшудан қымбатқа түсіп жатыр? Үкімет брифингінде "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басшылығына осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Қазақстанда пойызбен жүру неге ұшақпен ұшудан қымбатқа түсіп жатыр? Үкімет брифингінде "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басшылығына осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengri Travel.
ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов пойыздардың қатынау кезеңін ескеруді ұсынды. Оның айтуынша, теміржол тасымалына арналған билеттер "жыл бойы бір бағада тұрады".
"Яғни, біз маусым мен тәулік уақытына қарамастан бірыңғай бағаны сақтаймыз. Сіз айтып отырған 35 мың теңге - біздегі қаңтардан желтоқсанға дейінгі баға. Жыл сайын Көлік министрлігімен жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес индекстеу жүргізіледі. Биыл 1 сәуірден бастап билет құны 7 пайыз өсті", - деді Әнуар Ахметжанов.
Ол былтыр инфляция 12 пайыздан асқанын еске салып, бұл жағдайда индекстеу деңгейі инфляциядан төмен екенін атап өтті.
"Әуе билеттерінің бағасымен салыстыруға келетін болсақ. Бұл өте маңызды. Маусымдық қарбалас жоқ кездерде әуе билеттерінің бағасы теңесуі мүмкін екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер деп ойлаймын. Кей жерлерде теміржол билеттері тіпті қымбатырақ болуы да мүмкін. Бірақ қарбалас кезеңдерді алсақ, әуе билеттерінің бағасы 70, 80 және 100 мың теңгеге дейін жетеді. Сондықтан мұнда жылдық орташа көрсеткіштер мен әртүрлі маусымды салыстырған дұрысырақ болады деп есептеймін. Осылайша, бізде баға жыл бойы тұрақты екенін тағы бір мәрте айтқым келеді", - деп жауап берді Ахметжанов.
Басқарма төрағасының орынбасары авиацияда билет құны сұраныс пен ұсынысқа байланысты болатын динамикалық тариф белгілеу механизмі қолданылатынын айтып өтті.
"Көп жағдайда әуе билеттерінің құны теміржол билеттерінен айтарлықтай жоғары. Мұны кез келген сайттан тексеріп көруге болады. Сондықтан бағаны дұрыс салыстыру үшін әртүрлі уақыт кезеңін ескеру қажет. Біз мұндай салыстыруды жүргізіп тұрамыз. Біз үшін билет құны басты назарда ұстайтын факторлардың бірі", - деп толықтырды ол.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов транзиттік тасымал жоспарынан кешігуге байланысты ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновтің жұмысын сынға алды. Премьер-министр ұлттық компания басшысының жеке жауапкершілігі туралы еске салды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу