Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Семей тұрғынының гаражынан 154 кг марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі одан әрі Абай облысы аумағында тарату мақсатында целлофан қаптамаларына оралған.
"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар барлық күдіктіні ұстау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.