Полицейлер ірі көлемде синтетикалық есірткіні сақтаған 21 жастағы азаматты ұстады

05.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Рудный қаласының 21 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Күдіктінің гаражын тінту барысында полицейлер изолентамен оралған 11 полиэтилен түйіншекті тауып, тәркіледі. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті зат болған. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 673,06 грамм болатын мефедрон болып шықты.

Сонымен қатар  күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткіні бөлшектеу үшін қолданылатын электронды таразылар, изолента және «зип-лок» пакеттері тәркіленді.

Медициналық сараптама күдіктінің каннабиноидтарды қолданғанын анықтады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық іске қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью