Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әлеуметтік желілерде Астанада түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Онда жартылай жалаңаш ер адамды ұстау кезіндегі эмоцияға толы сәттер бейнеленген. Кадрлардан полицияның төрт қызметкері азаматты ұстап, сабырға шақыруға тырысып жатқанын көруге болады, осы кезде тәртіп сақшыларының бірі ұсталған адамды теуіп жібереді, деп хабарлайды Tengri Life.
Әлеуметтік желілерде Астанада түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Онда жартылай жалаңаш ер адамды ұстау кезіндегі эмоцияға толы сәттер бейнеленген. Кадрлардан полицияның төрт қызметкері азаматты ұстап, сабырға шақыруға тырысып жатқанын көруге болады, осы кезде тәртіп сақшыларының бірі ұсталған адамды теуіп жібереді, деп хабарлайды Tengri Life.
Не болды?Видео желіде тез тарап кетті, ал құтқару әдісі пікір жазушыларды таңғалдырды.
Желі қолданушыларының бірі ұстау әдісіне наразылық білдірсе, енді бірі мұндай жағдайда қызметкерлер өз өкілеттігі аясында әрекет етті деп санайды.
"Олар өз жұмысын істеп жатыр! Мәселеге басқа қырынан қарау керек, ұсталған адам ауыр қылмыс жасауы мүмкін еді ғой. Теуіп болса да ұстап қалған дұрыс па, әлде кейін "неге ұстамады, қатаңдау әрекет ету керек еді" деп отырған жақсы ма, соны ойлану керек", "Шын мәнінде, қызметкерлер бәрін барынша ұқыпты істеді", "Басынан тепті, полицейлерді жұмыстан шығару керек", "Тепкен жоқ, құлап кетпесін деп аяғын тосты", - деп жазды видео астына пікір қалдырушылар.
Желіде күш қолдану қаншалықты орынды екені туралы пікірталас жүріп жатқанда, полиция бұл жай ұстау емес, өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқару операциясы екенін түсіндірді.
Полиция не деді?Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 маусымда болған.
"18 маусымда полицияға мас күйдегі ер адам ғимарат шатырынан секіріп, суицид жасауға оқталып жатқаны туралы хабарлама түсті", - деп хабарлады ведомство.
Полицияның ақпараты бойынша, оқиға орнына келген қызметкерлер жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысқан.
"Ер адам полиция қызметкерлерінің талаптарына және жүргізілген келіссөздерге құлақ аспады", - деп атап өтті полиция.
Ведомство бұдан былайғы әрекеттер қайғылы оқиғаның алдын алу қажеттілігінен туындағанын мәлімдеді.
"Оның өмірі мен денсаулығына зиян келудің алдын алу, сондай-ақ ықтимал ауыр салдарды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау бойынша қажетті шараларды қабылдады", - деп хабарлады ведомство.
Оқиғадан кейін ер адам жауапқа тартылды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.
Тағы оқыңыз: Павлодардағы жағалауда полицей жұртты таңғалдырды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу