Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Әлеуметтік желілерде Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында қатыгездікпен кісі өлтіру туралы хабарламалар пайда болды. Ер адам отбасы мүшелерін өлтіріп, олардың дене мүшелерін бөлшектеп тастаған.
Бейресми дереккөздерден бірден төрт адамның өлтірілгені белгілі болды.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында кісі өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстап, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - деп түсіндірді ведомство.
Полиция сонымен қатар аймақ тұрғындарын әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға шақырды.
- Жібек жолы ауылында кісі өлтіру фактісіне байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әртүрлі болжамдар мен жалған ақпарат тарап жатыр. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады. Көрінеу жалған ақпаратты таратқандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, - деп қосты ведомство.
Осыған дейін Шымкентте жол ортасында төбелесіп, кісі өлтірген күдіктілер ұсталғанын жаздық.