Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында, «жар іздеймін», «күйеу іздеймін», «байыпты қарым-қатынас іздеп жүрмін» деген танысуға шақыратын жазбалар жиілеп кетті. Мұндай посттардың артында нақты адамдар да, алаяқтар да болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz-тің жазуынша алаяқтар көбіне өзін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, белсенді түрде хат алмасады, назар аударып, тез арада сенімге кіреді. Уақыт өте әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.
Алаяқтықтың бұл схемасы кезең-кезеңімен дамиды.
- Олар алдымен белсенді қарым-қатынас орнатып, эмоционалдық жақындық қалыптастырады.
- Қиын өмірлік жағдай, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелеседі.
- Шетелдік криптоәмияндарға немесе үшінші тұлғалар арқылы ақша аударуды сұрайды.
- Қаражатты алғаннан кейін байланысын үзеді немесе нөмірді бұғаттап тастайды.
Егер әңгімелесуші ақша аударуды сұраса, бейнеқоңыраудан және жеке кездесуден жалтарса, басқа адамдарға тиесілі болуы мүмкін фотосуреттерді қолданса, сақ болған жөн.
Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды
Сондықтан интернет арқылы танысқан адамдарға ақша мен жеке деректерді беруге болмайды.
Жеке фотосуреттерді жібермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, әңгімелесушінің профилі мен ақпаратын тексеру және күдік туындаса, қарым-қатынасты тоқтату қажет.
Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді
ІІМ-нің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн танысу кезінде мұқият болуға және заңсыз әрекеттер фактілері туралы хабарлауға шақырады.
Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?
Соңғы жаңалықтар
Аспаннан түскен апат: Бразилияда найзағай соққысынан 72 шеруші жараланды
Әлем • Бүгін, 09:48
Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:35
Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:03
Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
Қоғам • Кеше
Дәрігерлер де дәрменсіз: Үндістанда емі жоқ вирус тарады
Әлем • Кеше
Жанжал түбі – жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?
Қоғам • Кеше
Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Спорт • Кеше
Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды
Қоғам • Кеше
КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды
Экономика • Кеше
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Кеше
Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр
Әлем • Кеше
МӘМС жарнасын жергілікті әкімдік кімдерге төлейді?
Медицина • Кеше
Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады
Қоғам • Кеше
АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді
Әлем • Кеше