Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Тексеріс жүргізуге тұрғындардың бірі пәтерге күмәнді зат кіргізді деген шағымы түрткі болған.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді.
Құзырлы органның мәліметінше, жәшіктің ішінде тарихи әрі мәдени құндылығы бар антикварлық қару үлгілері болған. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, бұл заттар заманауи атыс қаруына жатпайды және тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді.
Сонымен қатар, аталған дерек бойынша қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды сабыр сақтауға және жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция басталған болатын. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тіркелмеген қаруды қолданумен жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған.