Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Polisia.kz хабарлауынша, Павлодар облысында екі ай ішінде интернет-алаяқтықтың 199 дерегі тіркелген.
Оның ішінде 59 жағдайда алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының, банктердің немесе «Egov» қауіпсіздік қызметінің өкілдері ретінде таныстырған. Олар тұрғындарға несие рәсімделіп жатқанын айтып, «қауіпсіз шоттарға» ақша аударуға мәжбүрлеген.
Облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжановтың айтуынша, интернет арқылы сауда жасауға бейім тұрғындар да жиі алданған. Екі айда тиімді бағаға тауар сатып алмақ болған немесе сатпақ болған 55 адам алаяқтардың құрбанына айналды.
Мамандар азаматтарға күмәнді жарнамаларға сенбеуге, дүкеннің немесе туроператордың бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береді. Егер белгісіз адамдар құқық қорғау органдарының атынан хабарласса, бірден телефонды қойып, полицияға немесе банктің ресми «жедел желісіне» хабарласу қажет.
Киберполиция тұрғындарды барынша сақ болып, алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.
Бүгін, 15:46