Полиция Маңғыстаудағы ізді жасырудың тарихтағы ең нашар әрекетін видеоға түсіріп алды

06.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Маңғыстау облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында марихуананы заңсыз өсіру дерегін анықтады. "Бақша" иелері тыйым салынған өсімдік бұталарынан құтылмақ болған, алайда олардың бұл әрекеті тәртіп сақшыларының бейнежазбасына түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында марихуананы заңсыз өсіру дерегін анықтады. "Бақша" иелері тыйым салынған өсімдік бұталарынан құтылмақ болған, алайда олардың бұл әрекеті тәртіп сақшыларының бейнежазбасына түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер тыйым салынған өсімдіктерді өсіруі мүмкін деген мекенжайға барған кезде, үй иелері бұталардан құтылмақ болып, оларды қоршаудан асыра лақтыра бастаған. Жедел уәкілдер бұл әрекетті байқап қалып, бейнежазбаға түсіріп алған.

"Бұдан әрі жедел-тергеу тобы тінту жұмыстарын жүргізді. Шаруашылық құрылыстың ішінен есірткі заттарын өсіруге арналған арнайы жабдықталған зертхана табылды. Ол жерден фитошамдар, су сүзгілері, сұйық тыңайтқыштар, электр генераторлары, сондай-ақ каннабис өсімдігі тәркіленді", - деді ведомство өкілдері.

Маңғыстау облыстық ПД фотосы

Полиция мәліметінше тағы бір шаруашылық құрылыстан есірткіге ұқсас заты бар түйіншектер, электронды таразылар, есірткі қолдануға арналған құралдар мен ноутбук, ал аула аумағынан тамырымен жұлып, қоршаудан асыра лақтырып үлгермеген бұталар табылды.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 30 келі 840 грамм марихуана болды", - деді Маңғыстау облыстық ПД.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі арнайы қабылдау орнына әкімшілік қамауға алынса, екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Бұған дейін Алматы әуежайында шетел азаматы ірі мөлшердегі есірткімен ұсталды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью