Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан аумағында тағы бір дрон құлады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жағдайға полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан аумағында тағы бір дрон құлады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жағдайға полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
27 наурызда таңертең жергілікті тұрғын полицияға дронға ұқсас зат туралы хабарлаған. Оның айтуынша, өртеніп жатқан нысан Атыраудан жеті шақырым жерде табылған.
"Оқиға орнында қозғалтқыш пен зақымданған бөлшектер табылды, олар композит немесе көміртекті талшықтан жасалған болуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Атырау облыстық полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне бұл деректі растады, алайда нақты не екенін айтпады.
"Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, дронның бөлшектеріне ұқсас заттардың табылу дерегіне бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерде табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп жауап берді департамент.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңында дрон құлағаны туралы ақпарат пен суреттер тараған еді. Бұл мәліметті өңірлік полиция департаменті растаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!