Полиция Жангелдиндегі қылмыс бойынша іздестіру шараларын тәулік бойы жалғастырып жатыр

20.01.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сурет: Атырау облысы полиция департаменті

Атырау облысы полиция департаментінде былтыр 25 желтоқсанда Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелу барысына арналған жедел кеңес өтті. 

Кеңесті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев өткізді. Жиын барысында аталған дерек бойынша жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері, тергеудің негізгі бағыттары талқыланды. 

Сондай-ақ, іздестіру шараларына жұмылдырылған жедел топтың өзара іс-қимылы, күштер мен құралдарды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Полиция департаментінің басшысы істің жан-жақты, объективті және заң талаптарына сай тергелуін қамтамасыз етуді, әрбір жедел ақпаратты мұқият тексеруді тапсырды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Атырау облысы полиция департаментінің ерекше бақылауында, жедел-іздестіру және тергеу шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр. 

Бүгін, 18:17

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью