Полиция жыл оқиғаларын сарапталды

01.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Солтүстік Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі өткен жылды қорытындылап, өздерінің назарына ілеккен 10 позицияны айрықша атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соның ішінде «жылдың құтқарушысы» атағына Мамлют ауданының учаскелік инспекторы Қадырбек Исин ие болды. Ол аударылған қайықтан суға батып бара жатқан 13 жасар баланы мұзды судан алып шыққан. Осы ерлігіне ол «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. «Жылдың күлкілі оқиғасы» деп қылмыскердің бейнекамера түсіріп тұрғанда зергерлік шеберхананы тонап, одан алған заттарды шүберекке орап, осы жердегі өзінің палатасына тығып, сосын шеберхананы күйдірмек болған амалы болды. Оның ұрлаған заттары 1 млн теңгеден артық екен, ал  өрт қою арқылы шеберханаға келтірілген зияны әлі толық есептелген жоқ.

«Жылдың ЖКО» ретінде маусым айында болған оқиға тіркелді. Онда Петропавлдың айналма жолымен келе жатқан «Mercedes» газбен жүретін «ГАЗель»-мен соғысып, үлкен өрт болған еді. Соның салдарынан төрт адам көз жұмған. «Жыл көмегі» деген номинацияда полицейлердің алаяқтардың арбауына түсіп, ақшасынан айрылып қала жаздаған қарт адамдарға көмек беріп, қалтасының қағылуынан алып қалған 20 оқиғасы тіркелген. Ал «жыл құрықталушысы» деген атқа 23 ақпан мен 23 шілдеде құрылталған, әрқайсында 5 адамнан болған екі алаяқтар тобы лайық болған. Екі топ кибералаяқтық жолымен 56 эпизод бойынша зардап шеккендердің 250 млн теңгесін қақшып кеткен екен. «Жылдың есірткі құрықталушысы» номинациясы бойынша 27 жасар астаналық курьерді құрықтау аталған.Оның бойынан 1 кг есірткілік заттар табылған.  Қазір курьер 8,5 жылға сотталып, жазасын өтеуде. 

«Жылдың спорт жетістіктері» қатарында  арнайы жедел отряд қызметкерлері Н.Жақыпов пен И.Бековтың кикбоксингтен өткен Әлем кубогында алғашқысы алтын, соңғысы қола медаль әкелгендері айтылған. Сонымен қатар Ливерпуль қаласында бокстан болған Әлем чемпионатында Н.Богданованың чемпион болғаны аталған.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Президент • Кеше

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен

Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025

Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды

Әлем • 31 Желтоқсан, 2025

Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті

Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025

ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін

Спорт • 31 Желтоқсан, 2025

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті

Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025

Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • 31 Желтоқсан, 2025

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2025

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды

Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью