Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астана прокуратурасы қазақстандықтарға вандализм үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордада жыл басынан бері өзгенің мүлкін қасақана жойғаны және бүлдіргені үшін 94 адам жазаланды. Оның ішінде 67 құқық бұзушы қамауға алынса, тағы 27 адамға айыппұл салынды. Тағайындалған айыппұлдардың жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асты.
Прокуратура вандализм үшін жазалаудың бірнеше мысалын келтірді. Мәселен, Астана тұрғыны 4 маусымда мас күйде полиция бөліміндегі кіреберіс есіктің әйнегін сындырғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгеге бағаланды.
Тағы бір жағдайда 38 жастағы астаналық Шейх Кунта Қажы атындағы мешіттің маңдайшаларын жұлып алып, жыртып, қоқысқа тастаған. Осы әрекеті үшін ол 15 тәулікке қамауға алынды.
Тағы бір оқиға 20 мамырда болған. Онда елорданың 20 жастағы тұрғыны шлагбаумды қасақана бүлдірген. Сот оған 50 АЕК (шамамен 216 250 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Прокуратура өзге мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды. ӘҚБтК-нің 147-1-бабына сәйкес, құқық бұзушыларға 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу немесе 60 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 259 500 теңге) салылуны мүмкін.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Саакашвили грузин түрмесіндегі адам төзгісіз жағдайлар туралы айтты
Бүгін 08:31 1
Бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 34 жастағы мас ер адам лифтпен "айқасқа" түскен. Бұл текетірестен ешкім жеңіп шыққан жоқ: техника істен шығып, бұзақы полиция бөлімінен бір-ақ шықты.
Сонымен қатар ІІМ мәліметінше, кейінгі кезде хайп үшін және әлеуметтік желілерге видео жариялау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеп кеткен. Осыған байланысты полиция мұндай әрекеттердің заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу