Полицияға бейне камералар көмектеседі

31.12.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Өтіп бара жатқан жылда полицияға 5 млн-нан аса арыз-шағым түскен. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамту жұмыстары жүйеленді. 

Елде жасалған қылмыс саны тоғыз пайызға қысқарды. 2025 ішкі істер органдарында «Профилактика» – жылы ретінде аталып өтті. Қылмыстың алдын алып, елдің тыныштығын қамту үшін заманауи технологиялар да енгізіліп жатыр. Ел аумағында жедел басқару орталықтары көбейді. Бұл кез келген құқық бұзушылықты нақты уақыт режимінде көріп, кезекші жасақтардың әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Астанада жыл басынан бері бейне камералардың арқасында екі мыңнан аса қылмыс ашылды.

Олжас Рахимбеков, Астана қаласы жедел басқару орталығының бастығы:

- Жаңа жылдық бағдарламалар өтетін жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызметкерлеріміз жұмыс атқарады. ЖБО қала тұрғындары, қала қонақтары жүрген жерлерді қатаң бақылауға алып, ТЖД және жедел жәрдем қызметімен бірігіп күнде жұмысын атқарады. Алайда жаңа жылдық түнде осы жұмыс қатаң бақылауға алынады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью