Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады

23.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан дәстүрлі шикізат экспорттаушы модельден біртіндеп бас тартып, мұнай-газ химиясы саласында терең өңдеуді дамытуға және ірі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға көшті. Бұл бағыт экономиканы әртараптандыру мен қосылған құны жоғары өнім шығаруға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Осы трансформацияның жарқын мысалы – 2022 жылы Атырауда іске қосылған KPI зауыты. Жылдық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіруге есептелген бұл кешен елдегі алғашқы интеграцияланған газ-химия жобасы.

«Іске қосылғаннан бері кәсіпорын 800 мың тоннадан астам өнім өндірсе, соның 375 мың тоннасы тек 2025 жылдың үлесіне тиесілі. Қазіргі таңда зауыт ішкі нарықтағы полипропиленге деген сұраныстың 83 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Нәтижесінде импортқа тәуелділік айтарлықтай қысқарды», деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылы Шымкентте жылына 57 мың тонна метил-трет-бутил эфирін (МТБЭ) өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді. Бұл жоба ішкі нарық қажеттілігін өтеп қана қоймай, экспорт көлемін арттыруға да мүмкіндік берді.

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан

Сала дамуы ірі инвестициялық бастамалар арқылы жалғасып келеді және олар Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында.

«Қазір жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаны 2029 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл – стратегиялық маңызы зор нысан. Себебі бүгінде елдегі полиэтиленге деген сұраныс толықтай импорт есебінен жабылып отыр», делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2027 жылы жылдық қуаты 100 мың тонна алкилат өндіретін зауытты іске қосу көзделген. Құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Жобалау кезеңінде тағы екі ірі өндіріс бар: 800 мың тонна карбамид шығаратын кешен және 340 мың тоннаға дейін бутадиен өндіретін жоба. Бұл нысандарды 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Полипропилен мен полиэтилен – заманауи экономиканың негізгі материалдары. Оларсыз мыңдаған күнделікті және өндірістік өнімді елестету мүмкін емес.

Полипропилен – азық-түлікке арналған термотөзімді қаптамалар, медицинадағы бір реттік шприцтер мен маскалар, автокөлік бөлшектері, құрылыс саласындағы берік элементтер мен ыстық су құбырлары өндірісінде қолданылады.

Полиэтилен – икемді қаптамалар мен пленкалар, тұрмыстық химияға арналған қатты контейнерлер, кабель оқшаулағыштары, газ және су құбырлары үшін ұзақмерзімді материал ретінде кеңінен пайдаланылады.

Отандық полимер өндірісін дамыту ішкі нарықты қамтып қана қоймай, жергілікті гранула негізінде дайын өнім шығаратын жүздеген шағын және орта кәсіпорындарға берік шикізат базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Энергетика бағытындағы елеулі өзгерістер

Саланы кешенді дамыту мақсатында Энергетика министрлігі 2024 жылдың қазан айында 2030 жылға дейінгі мұнай-газ химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта «Мұнай-газ химия өнеркәсібі туралы» арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл құжат өндірістерді шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету механизмдерін заңнамалық деңгейде бекітуге, жаңа бағыттардың пайда болуына, Қазақстанда толыққанды мұнай-газ химия кластерін қалыптастыруға негіз болмақ.

Жалпы алғанда, қолға алынған жобалар елдің индустриялық дамуына жаңа серпін беріп, Қазақстанды мұнай-газ химиясы саласында өңірлік өндірістік хабқа айналдыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды

Елорда • Бүгін, 12:57

Министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 12:50

Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады

Энергетика • Бүгін, 12:48

Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады

Технология • Бүгін, 12:40

Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі

Ата заң • Бүгін, 12:34

Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек

Қоғам • Бүгін, 12:18

Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды

Әлем • Бүгін, 12:10

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясындағы өзгеріске байланысты министрлік түсініктеме берді

Қоғам • Бүгін, 12:09

Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті

Аймақтар • Бүгін, 11:57

Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 11:48

Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 11:36

ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 11:20

Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды

Фармацевтика • Бүгін, 11:20

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью