Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Павлодарда бұрынғы ядролық сынақ полигоны запастағы жер қорына енеді деп жоспарланып отыр. Бұл аумақта шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға, пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге, су нысандарын пайдалануға мүмкіндік бар.
Сурет: eldala.kz
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының 434 мың гектар жерін Май ауданының запастағы жер қорының санатына ауыстыру ұйғарылды.
– Биыл Курчатов қаласының 11 мың гектар аумағын Абай облысына беруге байланысты облыс пен елді мекендер шекараларын реттеу, сондай-ақ Павлодар облысының Баянауыл ауданы мен Қарағанды облысының Осакаров ауданы арасындағы көпжылдық жер дауын түпкілікті шешу жұмысы аяқталуға тиіс. Сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының 434 мың гектар жерін Май ауданының запастағы жер қорының санатына ауыстыру жоспарланған, – деп хабарлады облыстық әкімдіктен.
Өңірде жайылымдық жерлер тапшылығы аса өзекті. 80 ауылда жеке қосалқы шаруашылық бойынша жайылым тапшылығы – 109,9 мың гектар. Халықтың қажеттілігі үшін қазірдің өзінде 10,9 мың гектар жер қайта бөлінді. Жайылым тапшылығын жою бойынша Жол картасы әзірленуде, сондай-ақ жердің тозуы мен шөлейттенуіне қарсы іс-шаралар, оның ішінде өнімділігі төмен учаскелерді шалғындандыру мен бүлінген аумақтарды рекультивациялау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Ақтоғай, Баянауыл аудандары мен Екібастұз қаласының ауылдық аймағында мал шаруашылығының белсенді дамуына байланысты егістік жерлер жайылымға ауыстырылып жатыр. Ал Павлодар, Ертіс аудандарында, Ақсу қаласының ауылдық аймағында, сондай-ақ Тереңкөл мен Аққулы аудандарында керісінше, өсімдік шаруашылығының көлемін арттыру үшін жайылымдық жерлер егістікке қайта бағытталады. Бұл ретте суармалы егіншілікті дамыту Мемлекет басшысы тарапынан аграрлық саясаттың стратегиялық басымдығы ретінде айқындалғанын ескерген абзал. 2025 жылы суармалы алқаптардың көлемі 11,6 мың гектарға ұлғайып, 191,2 мың гектарға жеткен. Жер пайдаланушылар қаражаты есебінен 3,5 мың гектар аумақта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 10 жоба іске асырылып, суармалы алқаптардың нақты көлемі 85 мың гектарға жеткізілді. Биыл жалпы аумағы 2 мың гектарға жуық бес суармалы егіс алқабын іске қосу жоспарланған.
Қуантарлығы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жоспары 196,1 мың гектар көлемінде орындалып, көзделген межеден асып түскен. Ал 2026 жылғы жоспар 238 мың гектар көлемінде белгіленіп қойыпты. Ауыл шаруашылығы жерлерін қоспағанда, облыстың үш қаласының елді мекендеріндегі жер учаскелері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы онлайн-форматта ұсынылады. Қаңтар айынан бастап жалға алу мерзімін ұзарту, нысаналы мақсатын өзгерту және жер учаскелерін жекеменшікке сату мемлекеттік қызметтері іске қосылған.
Павлодар облысы
Соңғы жаңалықтар
Саясат • Бүгін, 08:48
Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам
Қоғам • Бүгін, 08:43
Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе
Тарих • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Басылым • Бүгін, 08:35
Бұқтырылған киік еті саудаға шықты
Өндіріс • Бүгін, 08:32
Таным • Бүгін, 08:30
Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы
Еңбек • Бүгін, 08:28
Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс
Сұхбат • Бүгін, 08:25
Ақтауда урологиялық операция жасалады
Медицина • Бүгін, 08:23
Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?
Жастар • Бүгін, 08:20
Қауіпті дертті сәулемен емдейді
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Жастар • Бүгін, 08:15
Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті
Реформа • Бүгін, 08:12