Польша өз ядролық қаруын жасауға ниетті

16.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Польша президенті Кароль Навроцкий Polsat News телеарнасына берген сұхбатында елдің «ядролық жобаға» қатысуын толық қолдайтынын білдірді. Халықаралық тұрақсыздықты алға тартқан Навроцкий бұл бағыттағы жұмыстарды халықаралық нормаларға сай бастау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Біз қарулы қақтығыс шегінде тұрған елміз. Ресей Федерациясының Польшаға қатысты агрессивті, империялық пиғылы бәріне мәлім», - деді ол. Варшаваның бұл қадамына АҚШ-тың қалай қарайтыны және Мәскеудің реакциясы туралы сұраққа президент: «Ресей кез келген нәрсеге агрессивті жауап беруі мүмкін, бірақ біз бұл бағытта қозғалуымыз керек», - деп жауап берді.

2025 жылдың көктемінде сол кездегі президент Анджей Дуда АҚШ-ты ядролық оқтұмсықтарды Польша аумағына орналастыруға шақырған. Сондай-ақ Польша Франциямен зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі бойынша келісімге қол қойған.

Польша қорғанысқа ІЖӨ-нің 5 пайызын жұмсайды және Еуроодақтың SAFE бағдарламасы бойынша ең ірі несие алушы болып табылады.

2025 жылғы 10 қыркүйекте Ресейдің Украинаға шабуылы кезінде Польша әуе кеңістігіне 19 дрон кіріп, бұл «агрессия актісі» деп бағаланды.

2023 жылы ресейлік саясаттанушы Сергей Караганов Батысты сескендіру үшін Польшаның Познань қаласына ядролық соққы беру қажеттігін айтып, арандатушылық мәлімдеме жасаған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью