Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Оның пікірінше, мемлекет басшысы мен премьер-министрдің өкілеттіктерін неғұрлым нақты ажырату керек.
— Бізге жаңа Конституция қажет. 1997 жылғы Конституция өз мәнін жоғалтып барады, — деді Кароль Навроцкий.
Польша көшбасшысының айтуынша, жаңа негізгі заңда атқарушы билік саласындағы премьер-министр мен президенттің өкілеттіктері нақты жазылып, бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, Навроцкий президенттік басқару формасын қолдайтынын айтты.
Польша мемлекет басшысы жақын арада елдің жаңа Конституция жобасын әзірлеу үшін арнайы кеңес шақырылатынын да хабарлады. Оның жоспарына сәйкес, жаңа Польша Конституциясы 2030 жылға дейін дайындалып, бекітілуі тиіс.
Республиканың жаңа негізгі заңын әзірлеу Навроцкийдің сайлау алдындағы басты уәделерінің бірі болған. Қазіргі қолданыстағы Польша Конституциясы 1997 жылы қабылданған.
Айта кетейік, Қазақстан Конституциясы Брайль қарпінде және аудионұсқада ұсынылды.