Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Польшаның Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтарын беру мәселесі жабылды, деп мәлімдеді Польшаның ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Магдалена Собковяк-Чернецкая үкімет отырысынан кейін тілшілерге, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Польша әскерилері Украинаға тиесілі дрон технологиясына айырбас ретінде қалған МиГ-29 жойғыш ұшақтарын беруге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.
"Біз талқылап отырған нәрсе - айырбас мәселесі. Украина тарапы бізден МиГ ұшақтарын беруді сұрады. Басынан бастап МиГ ұшақтарын дрондарға айырбастайтынымыз анық болды", - деді Собковяк-Чернецкая.
Ол ендігі бұл мәселе жабылғанын айтты.
"Мұндай айырбас процесі жүргізілген жоқ . Бұл қарапайым мәселе болды: бір тарапқа МиГ, екінші тарапқа дрондар. Жоқ болса, онда бұл мәселе де ендігі жоқ", - деді ол.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтағысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын мәлімдеді.