порталында 104 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды

20.05.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 2026 жылғы сәуірде жұмыс берушілер 104,7 мың бос жұмыс орнын жариялаған.
Бұл наурыз айымен салыстырғанда 2,1%-ға көп. Ал жұмыс іздеушілер тарапынан 123,3 мың түйіндеме орналастырылып, көрсеткіш бір айда 15,1%-ға артқан.

Салалар бойынша кадрларға ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді, яғни 20,2 мың вакансия. Сондай-ақ қызмет көрсету саласында 15,5 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында 10,7 мың, өңдеу өнеркәсібінде 9,5 мың, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,4 мың бос жұмыс орны жарияланған.

Өңірлер арасында ең көп вакансия Астана қаласында тіркелді – 8,5 мың. Одан кейін Павлодар облысы (7,2 мың), Алматы (6,7 мың), Ақмола облысы (6,6 мың) және Қарағанды облысы (6,4 мың) орналасқан.

Біліктілік деңгейі бойынша сұраныстың 46%-ы орта білікті мамандарға тиесілі. Жоғары және төмен білікті кадрларға сұраныс тең деңгейде – 27%-дан.

Жұмыс іздеушілердің басым бөлігін 35 жасқа дейінгі азаматтар құрады. Олар барлық түйіндеменің 39%-ына тең. Ал әйелдердің үлесі 53%, ерлердің үлесі 47% болды.

Сәуір айында ең жоғары жалақы ұшқыш мамандығына ұсынылған. Жұмыс берушілер бұл қызметке шамамен 1,9 млн теңге ұсынған. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшісі мамандығына – 1,7 млн теңге, жабдықтарды сынау жөніндегі басшыға 1,6 млн теңге көлемінде жалақы ұсынылған.

Ал жұмыс іздеушілер арасындағы ең жоғары жалақы күтімі ұшқыштарда – 3,9 млн теңге. Бұдан бөлек, бортсеріктер 2,1 млн теңге, жақ-бет хирургтері шамамен 2 млн теңге жалақы күтетінін көрсеткен. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью