Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ақтөбеге келе салысымен Луиш Нани «Ақтөбе» футбол орталығының 2025 жыл қорытындысы бойынша үздіктерін марапаттау кешіне қатысты. Бірақ португалиялық танымал футболшының бұл іс-шараға арнайы қонақ ретінде қатысатыны алдын ала айтылған жоқ. Тосынсый жасаған Нани балалармен жүздесіп, оларға жылы желібізн білдірді. Сонымен қатар үздік деген жасөспірімдермен бірге доп теуіп, оларға естелік сый-сияпат табыстады.
Луиш Нани (толық аты-жөні Луи́ш Ка́рлуш Алме́йда да Ку́нья) Кабо-Верде астанасы Прая қаласында 1986 жылы 17 қарашасында дүниеге келген. Португалияның «Спортинг Лиссабон» командасының түлегі мансабын 2005 жылы сол клубта бастап, одан кейін Англияның «Манчестер Юнайтед», Түркияның «Фенербахче», «Адана Демирспор», Испанияның «Валенсия», Италияның «Лацио», «Венеция», АҚШ-тың «Орландо Сити», Аустралияның «Мельбурн Сити» клубтарында доп тепті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қызылордалық «Қайсар» футбол клубы танымал футболшы Виктор Мозеспен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді.