Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысын талқылап, жұмыстың қарқыны төмендемеу керектігін қатаң ескертті. Сонымен қатар, жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: shutterstock.com
Премьер-министрге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша жұмыстардың қарқыны бәсеңдегені туралы мәліметтер бар. Осыған байланысты Үкімет басшысы нақты сұрақ қойды.
«Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Маған жұмыс қарқыны төмендеп кетті деген ақпарат түсті», деді Олжас Бектенов.
Жобаны жүзеге асыруға жауапты Самұрық-Энерго басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жұмыстардың Үкімет бақылауында екенін атап өтті.
Оның айтуынша, мердігер ұйымға құрылыс қарқынын арттыру және жұмыс кестесін күшейту тапсырылған. Нысандарда үш ауысымды жұмыс режимі енгізіліп, 1,5 мыңнан астам жұмысшы тартылған. Сондай-ақ, жобаларға қажетті негізгі жабдықтар жеткізілген.
Алматы жылу электр орталықтарының толығымен газға көшірілетін уақыты белгілі болды
Үкімет басшысы жобаның маңыздылығын ерекше атап өтіп, әр кезеңнің сапалы және уақтылы орындалуын талап етті.
«Роман Васильевич, іс басына барып тексеріңіз, сосын нәтижесін баяндаңыз. Объективті ақпарат керек», деп тапсырды Олжас Бектенов.
Жиын барысында жұмыстың аяқталу мерзімінің бұзылуына жол бермеу басты басымдық ретінде белгіленді. Үкімет энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының стратегиялық маңызын ескере отырып, барлық жұмыстардың қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Осылайша, Алматыдағы жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар Үкіметтің тұрақты назарында қалып отыр, ал жауапты органдарға жобаны уақытында әрі сапалы аяқтау міндеті жүктелді.
Шығыста жылу жүйесіне күн энергиясы технологиялары енгізіліп жатыр
Соңғы жаңалықтар
«Qarmet» энергия тапшылығын жаңа блоктар арқылы жаппақ
Энергетика • Бүгін, 12:04
Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:55
Семейде қуаты 360 МВт болатын ЖЭО-3 салынады
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:31
Сабыржан Аққалықов Моңғолия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді
Бокс • Бүгін, 11:16
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?
Өндіріс • Бүгін, 10:53
Құқықтық сауаттылық: Бектенов халыққа арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеуді тапсырды
Ата заң • Бүгін, 10:43
122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?
Аймақтар • Бүгін, 10:40
Мәйітті жылдар бойы жасырған: Майқайыңдағы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Оқиға • Бүгін, 10:22
7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Алматыда дәріханалар рецептісіз дәрі сатқан: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы • Бүгін, 09:50
Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауыты салынады
Өндіріс • Бүгін, 09:29