Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Өз кезегінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Алматыдағы екінші және үшінші ЖЭО құрылыстары жеке бақылауында екенін айтты.
— Мердігерге жұмыстарды күшейту, үш ауысымдық мерзімге көшіру тапсырмалары берілді. Осы айдың аяғы мен мамыр айының басында, қысқа мерзімде мердігер жұмыс алаңына мың жарым адам шығаруы керек. Негізгі жабдықтар құрылыс алаңына жеткізілді. Қосалқы жабдықтар екі ай ішінде келеді. Жалпы нысанды уақытында беруге бар күшімізді саламыз және қамтамасыз етеміз, — деп жауап берді Қ. Мақсұтов.
— Роман Васильевич (Скляр — Премьер-министрдің бірінші орынбасары), өзіңіз барып тексеріңіз, сосын нәтижесін маған баяндаңыз. Объективті ақпарат керек, — деді О. Бектенов.
Бұған дейін Қайрат Мақсұтов Екібастұз ГРЭС үшінші энергоблогы 2028 жылы іске қосылатынын айтқан еді. Жаңа энергоблоктардың іске қосылуы қуат тапшылығын жауып қана қоймай, деректерді өңдеу орталығын, процессорды салқындату жүйелерін дамытуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Көкшетау, Семей, Өскемен ЖЭО-лары еліміздегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес жұмыс істеп, жасанды интеллект пен «таза көмір» технологиясын қолданбақ.