Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Үкімет
«Мемлекет саладағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаражат бөледі. Осы бағытта отандық өндірушілерді кепілдік берілген тапсырыспен қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, бір ай мерзімде тек отандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының номенклатурасын бекітуді тапсырамын», деді Премьер-министр.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралдыҮкімет басшысы сонымен қатар газ саласындағы жаңа тарифтік саясат бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды. Премьер-министр баға белгілеу тәсілдерін оның одан әрі орнықтылығын және халықты атаулы қолдау тетіктерін сақтауды ескере отырып жаңарту қажеттігін атап өтті.
«Газ саласында қолданыстағы баға белгілеу моделі оның дамытуын тежеп отырмауы тиіс. Осы орайда, Ұлттық экономика министрлігіне Энергетика министрлігімен, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, екі ай ішінде халықты әділ әрі атаулы қолдауды сақтап, жаңа ынталандырушы тарифтік саясатқа қатысты ұсыныстарды Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырамын», деді Олжас Бектенов.
Ерлан Ақкенженов: Елімізді газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр